Лисандро Мартинес «Манчестер Юнайтед» басшылығын сынға алды

Лисандро Мартинес «Манчестер Юнайтед» басшылығын сынға алды

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес Чемпиондар лигасында мадридтік «Атлетикодан» жеңілгеннен кейін клуб басшылығына сын айтты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Мадридте өткен кездесу алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

«Өте нашар, тіпті сұмдық. Өзімді ұстап қалуға тырысып отырмын, бірақ кейде мұның бәрі клубтың қазіргі жағдайын айқын көрсетеді. Өткен маусымда біз керемет ойнадық, сондықтан енді басшылықтан көбірек қолдау күтеміз. Командаға бәсекеге қабілетті болу үшін тағы да сапалы футболшылар қажет. Мен клубтың трансферлерге көбірек қаржы бөлгенін қалаймын. Техникалық директордан да көп нәрсе күтемін.

Шынымды айтсам, біз, футболшылар, бұдан да жақсы ойнауымыз керек. Бірақ осындай маңызды матчтарға дайын болу үшін құрамымыз да мықты болуы қажет. Өткен маусымда керемет команда құрудың негізін қалау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Ал қазір осында келіп, командамның жақсы нәтижеге жетуге ұмтылғанын көрмеу менің ашуымды келтіріп, көңілімді қалдырады.

Мен мәселе жаттықтырушыда деп ойламаймын. Ол қолынан келгеннің бәрін жасап жүр. Әр маусымның өз ерекшелігі бар. Өткен маусымда қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Қарсыластар сенің қалай ойнайтыныңды, әрбір ұсақ-түйекке дейін жақсы біледі. Егер ештеңені өзгертпесең, келесі маусымда үлкен қиындыққа тап боласың. Жаттықтырушыны үнемі ауыстыра беруге болмайды. Қазір мәселе бапкерде немесе ойыншыларда деп айту оңай. Бірақ клубтың басқа да салаларына назар аудару керек», – деді Мартинес BBC-ге берген сұхбатында.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екі турдан кейін «Манчестер Юнайтедтің» еншісінде үш ұпай бар.

Англия Премьер-лигасында да манкуниандықтардың жағдайы мәз емес. Команда алты матчта алты ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или