Роналду 1000 гол соғу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Роналду 1000 гол соғу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

«Әл-Наср» мен Португалия ұлттық құрамасының  шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің жетістіктері мен әлемдік футбол тарихындағы орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ 40 жастағы футболшы мансабында 1000 гол соғу мүмкіндігі туралы айтты.

Қазіргі уақытта португалиялық шабуылшы клубтық деңгейде және ұлттық құрама сапында ресми матчтарда 980 гол соққан. Демек, тарихи межеге жету үшін оған тағы 20 гол қажет.

«Қазіргі ойыным мен соққан голдарым, өкінішке қарай, лайықты бағаланбай жүр.

Бәрі табиғи түрде болуы керек. Егер менің еншімде 925 немесе 930 гол болса, бұл тарихтағы ең үздік ойыншы деп санауға жеткілікті. Бұған қосар ештеңе жоқ. Статистика бәрін өзі айтып тұр. 1000 гол межесіне жету керемет болар еді, бірақ мен алыс болашаққа жоспар құрмаймын», — деді Роналду CNN арнасына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или