Дастан Сәтпаев алаңға қайта оралып, «Бернлидің» жеңісіне үлес қосты

Дастан Сәтпаев алаңға қайта оралып, «Бернлидің» жеңісіне үлес қосты

Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін алаңға қайта оралды. 18 жастағы шабуылшы жарақатынан айығып, Чемпионшиптегі матчта командасының ірі жеңіске жетуіне көмектесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ойыншы «Бернли» сапында бір айға жуық уақыттан кейін алаңға қайта шықты. Сәтпаев Чемпионшиптің тоғызыншы турында «Уотфордқа» қарсы өткен матчтың 74-минутында ойынға қосылды. Кездесу «Бернлидің» 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Матчтан кейін жас шабуылшы әлеуметтік желіде өз эмоциясымен бөлісіп, қолдау көрсеткен отандастарына алғыс айтты.

«Қолдауларыңыз үшін рақмет, қазақстандықтар! Алға, «Бернли»! Алға қарай жүре береміз!» — деп жазды футболшы Instagram парақшасында.

Еске салайық, Сәтпаев 2 қыркүйекте «Мидлсбромен» өткен кездесуде (1:1) санның артқы бұлшықетінен жарақат алған еді. Соның салдарынан 18 жастағы шабуылшы бір айдан астам уақыт алаңға шыға алмай, Қазақстан ұлттық құрамасына Ұлттар лигасындағы матчтарда көмектесе алмады.

Чемпионшип турнирлік кестесінде «Бернли» әзірге 22-орында тұр. 13 қазанда Ники Хайеннің шәкірттері «Чарльтонды» қабылдайды.

Айта кетейік, талантты қазақстандық футболшының трансферлік құқығы «Челсиге» тиесілі. Сәтпаевтың лондондық клубпен келісімшарты 2033 жылға дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или