Сакристан Мессидің басты кемшілігін атады

Сакристан Мессидің басты кемшілігін атады

Испанияның бұрынғы футболшысы әрі бапкері Эусебио Сакристан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің басты кемшілігін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның пікірінше, аты аңызға айналған шабуылшының ойын мәнері басқа жұлдыздардың алаңда әрекет етуіне қатысты қате түсінік қалыптастыруы мүмкін. Әсіресе, Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор туралы сөз болып отыр.

«Менің ойымша, Мессидің басты кемшілігі – ол Мбаппе мен Винисиус сияқты ойыншыларды алаңда жаяу жүргендей қимылдап, кейін бір әрекетімен матчтың барысын өзгертуге болады деп сендірді. Бірақ мұны тек Лео ғана істей алады», – деп Сакристанның сөзін Footmercato басылымы келтіреді.

39 жастағы Месси 7 қазанда Аргентина құрамасы сапындағы қоштасу матчын өткізді. Бенинге қарсы кездесу Аргентина құрамасының 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Аргентиналық футболшы бір гол соғып, екі нәтижелі пас беріп, ұлттық құрамадағы мансабын жарқын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или