Педро 39 жасында кәсіби футболдағы мансабын аяқтады
39 жастағы испаниялық футболшы Педро кәсіби футболдағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мансабында ол әлем чемпионы, Еуропа чемпионы атанып, үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы футболдан кету туралы шешімін әлеуметтік желіде жариялады. Педро өмірінің жаңа кезеңін бастауға дайын екенін айтып, футболдағы жолына мақтанышпен қарайтынын жеткізді.
«Менің ойымша, уақыты келді. Енді алға қадам басып, өмірімнің жаңа кезеңін бастайтын кез.
Арманымды жүзеге асырғаныма мақтанамын және осы арманның орындалуына көмектесіп, жанымнан табылған барлық адамға алғыс айтамын.
Мені соншалықты бақытты еткені үшін футболға рақмет», – деп жазды Педро.
Шабуылшы мансабының басым бөлігін Еуропаның үздік клубтарында өткізді. Испаниялық футболшы «Барселона», «Челси», «Рома» және «Лацио» клубтарының намысын қорғады. Сондай-ақ Испания ұлттық құрамасында өнер көрсетті.
Педро ұлттық құрама сапында 2010 жылы әлем чемпионы атанып, екі жылдан кейін Еуропа чемпионатында жеңіске жетті. Ал клуб деңгейіндегі басты жетістігі – «Барселонамен» бірге 2008/09, 2010/11 және 2014/15 маусымдарында үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алуы