Месси қоштасу матчын нәтижелі өткізді
7 қазанға қараған түні Буэнос-Айресте Аргентина құрамасы жолдастық кездесуде Бенин ұлттық командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында Николас Отаменди мен Нико Пас гол соқса, Лионель Месси пенальтиді сәтті орындады. Сонымен қатар ол екі нәтижелі пас берді.
Месси Аргентина құрамасындағы алғашқы ойынын 2005 жылдың тамызында Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ол матч 2:1 есебімен Аргентина пайдасына аяқталған болатын. Месси ұлттық құрама сапында 208 ойын өткізіп, 125 гол соқты және 68 нәтижелі пас берді.
Аргентина құрамасымен бірге Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Сондай-ақ 2021 және 2024 жылдары екі рет Америка кубогын, ал 2022 жылы Финалиссиманы жеңіп алды.
Месси 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді. Әлем чемпионатын АҚШ, Канада және Мексика қабылдады. Футболшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.