Фарер аралдары құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы ойын туралы айтты

Фарер аралдары құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы ойын туралы айтты

Фарер аралдары құрамасының бас бапкері Эйдун Клакстейн УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында Қазақстанға қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның айтуынша, команда қарсыластың тактикалық өзгерістеріне дайын. Қазақстан құрамасы үш орталық қорғаушымен ойнауы немесе жоғары прессингке басымдық беруі мүмкін.

«Әрбір деталь, тіпті кішкентай қателіктің өзі ертеңгі матчтың барысына үлкен әсер етуі мүмкін. Қазақстан құрамасы тарапынан болатын кез келген өзгеріске дайынбыз», – деді Клакстейн.

Бас бапкер өз командасының мықты тұстары ретінде тәртіптілікті, еңбекқорлықты және шетелде ойнайтын футболшылардың тәжірибесін атады. Оның пікірінше, осы факторлардың үйлесуі Фарер аралдары құрамасының алға жылжуына ықпал еткен.

Клакстейн Қазақстан құрамасының жаңа бапкерінің жұмысын да атап өтті. Алдыңғы кездесуде оның командасы қазақстандықтардың қапталдағы күтпеген шабуылдарына тап болып, ойынның алғашқы минуттарында қиындықтарға кезіккен.

Матч алдында Фарер аралдарының еншісінде үш ұпай бар. Клакстейн жеңіс те, тең ойын да қолайлы нәтиже болатынын, ал жеңіліс команданың жағдайын айтарлықтай қиындататынын айтты.

«Ертең үш ұпай алуға тырысамыз және төрт матчтан тұратын осы кезеңді жақсы нәтижемен аяқтау үшін бар күшімізді саламыз», – деді жаттықтырушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или