Фарерлік БАҚ Қазақстанға қарсы матч алдында ескерту жасады
Фарер аралдарының In.fo басылымы Ұлттар лигасының төртінші турында Қазақстан құрамасына қарсы өтетін матч алдында қазақстандық команданың мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылым авторлары Астана қаласындағы стадионның жасанды жабынын алаң иелерінің басты артықшылығы болуы мүмкін деп санайды.
Командалар арасындағы кездесу сейсенбі күні Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Фарерлік БАҚ бұған дейінгі өзара кездесудің 26 қыркүйекте Торсволлур стадионында өткенін еске салды. Ол матч 1:1 есебімен аяқталған. Сонымен қатар Фарер аралдары Қазақстанмен өткізген жолдастық кездесулерде басымдыққа ие. Олар қазақстандықтарды үш рет жеңген. Ал ресми матчтарда әзірге Қазақстанның көрсеткіші жоғары — бір жеңіс және екі тең нәтиже.
Үш турдан кейін Қазақстан құрамасы үшін жағдай күрделірек болып тұр. Топта Словакия 7 ұпаймен көш бастап келеді. Молдованың еншісінде — 4, Фарер аралдарында — 3 ұпай. Қазақстан 1 ұпаймен соңғы орында.
In.fo Қазақстанның Молдовадан жақында жеңілгеніне де назар аударды. Бұған дейін өз алаңында өткен матчта қазақстандықтар 1:2 есебімен жеңіліп қалған. Басылым авторларының пікірінше, Молдова құрамасы соңғы кездесулерде рейтингтегі орнына қарағанда деңгейінің әлдеқайда жоғары екенін көрсетті.
Фарерлік басылым алдағы матч алдында Қазақстан құрамасына түсіп отырған қысымды да атап өтті. Сонымен қатар журналистер Астанадағы алаңның жасанды жабынын алаң иелерінің ықтимал жалғыз артықшылығы деп бағалаған.