Қазақстан құрамасы Молдовамен матч алдында алты футболшысынан айырылды

Қазақстан құрамасы Молдовамен матч алдында алты футболшысынан айырылды

Қазақстан құрамасының алты футболшысы Молдоваға қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші турында Молдоваға қарсы өтетін матчқа қатыспайтын футболшылары белгілі болды.

Бас бапкер Джон ван ’т Схип алты ойыншыға сенім арта алмайды. Олар — Стас Покатилов, Максим Самородов, Ислам Чесноков, Исмаил Бекболат, Арсен Аширбек және Александр Широбоков.

Қазақстан – Молдова матчы бүгін, 2 қазанда, «Астана Аренада» өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или