«Рома» Дибала мен Молинаны Мессидің қоштасу ойынына жібермеді

«Рома» Дибала мен Молинаны Мессидің қоштасу ойынына жібермеді

Италиялық «Рома» клубы Пауло Дибала мен Науэль Молинаны Аргентина құрамасының орналасқан жеріне жібермеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, қос футболшы сейсенбі, 6 қазанда өтетін Аргентина мен Бенин құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге қатыса алмайды.

«Рома» Пауло Дибала мен Науэль Молинаның Аргентина мен Бенин арасындағы матчқа қатыса алмайтынын хабарлады. Клуб бұл кездесудің екі футболшы үшін де маңызды екенін атап өтті. Дибала мен Молина Лионель Мессимен тығыз байланыста және онымен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Аргентина құрамасының сапында өнер көрсетті.

Бұл шешім спорттық және логистикалық себептерге байланысты қабылданған. Клуб құрлықаралық ұшудың ұзақтығын және алдағы матчтарының жақындығын ескерген.

«Рома» Лионель Мессиге және оның жарқын мансабына зор құрметпен қарайды. Оған және Аргентина футбол қауымдастығына ерекше кеш өткізуді тілейді», – делінген «Рома» клубының ресми сайтындағы мәлімдемеде.

Алдағы матч аргентиналықтар үшін ерекше болмақ. Бұл кездесу Лионель Мессидің ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыны болуы тиіс. Команда капитаны Аргентина құрамасындағы соңғы матчын өз жанкүйерлерінің алдында өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или