Александр Коробов Азия ойындарында ескек есуден қола медаль жеңіп алды

Александр Коробов Азия ойындарында ескек есуден қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Александр Коробов Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, Prosports.kz.

Қазақстан өкілі жүлдені ерлер арасында бір орынды байдаркада ескек есуден слалом жарысында жеңіп алды. Финалдық жарыста Коробов қашықтықты 94,48 секундта бағындырып, үшінші нәтиже көрсетті.

Алтын медальді Қытай спортшысы Ху Чжаошань иеленді. Ол жарысты 91,41 секундта аяқтады. Жапония өкілі Юки Танака 92,87 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Александр Коробов финалды үшінші болып аяқтап, Қазақстан қоржынына Азия ойындарының кезекті медалін салды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или