Грузия құрамасы бас бапкерсіз қалды

Грузия құрамасы бас бапкерсіз қалды

Француз маманы Вилли Саньоль Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіндегі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның қызметтен кеткенін Грузия футбол федерациясы ресми түрде мәлімдеді.

Саньоль Грузия құрамасын 2021 жылдан бері жаттықтырды. Оның тұсында ұлттық құрама тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізіп, Грузияны алғаш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығарды. Грузия құрамасы Еуро-2024 турнирінде тек қатысып қана қоймай, плей-офф кезеңіне дейін жетті.

Француз маманы кеткеннен кейін ұлттық құраманы Рамаз Сванадзеге сеніп тапсырды. Жаңа бас бапкермен келісімшарт 2028 жылдың соңына дейін жасалды. Бұған дейін Сванадзе Грузия жастар құрамасын жаттықтырып, команданың Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне екі рет шығуына көмектескен.

Саньольдің Грузия құрамасындағы соңғы матчы Ұлттар лигасы аясында Солтүстік Ирландияға қарсы өз алаңындағы кездесу болды. 25 қыркүйекте өткен матч қонақтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или