Израиль мен Ирландия футболшылары жейде алмастырмауға шешім қабылдады

Израиль мен Ирландия футболшылары жейде алмастырмауға шешім қабылдады

Ирландия футбол қауымдастығы (FAI) Ұлттар лигасында Израиль құрамасына қарсы өтетін матчтардың алдында және ойын барысында баспасөзге арналған қосымша іс-шаралар өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тек УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде өткізілуі тиіс рәсімдер ғана сақталады. Бұл туралы The Independent басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, матчтар аяқталғаннан кейін Ирландия мен Израиль футболшылары дәстүрлі түрде ойын жейделерімен алмаспайды. Сонымен қатар екі құраманың бас бапкерлері де бір-бірімен қол алысып амандаспайды.

Шектеулер Ирландияның телевидениесіне де қатысты болады. RTE арнасы матчтың өзін ғана көрсетіп, трансляция барысында қосымша материалдар мен оқиғаға қатысты кеңейтілген хабар таратудан бас тартпақ.

Бұған дейін Ирландия құрамасының бас бапкері Хейр Хадльгримссон команда ойыншыларының арасында Израильмен өтетін алдағы кездесулерге қатысты түрлі пікір бар екенін айтқан еді. Сонымен қатар маман саяси сипаттағы мәлімдеме жасап: «Біз геноцидпен бірге ойнамаймыз, біз геноцидке қарсы ойнаймыз», – деген.

Ирландия мен Израиль құрамалары Ұлттар лигасы аясында екі рет кездеседі. Алғашқы матч 27 қыркүйекте Венгрияда өтсе, қарымта ойын 4 қазанда Сербияда ұйымдастырылады. Екі кездесу де бейтарап алаңда өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или