«Ордабасы» директоры Зайнутдинов туралы ақпаратты растады

«Ордабасы» директоры Зайнутдинов туралы ақпаратты растады

Шымкенттік «Ордабасы» клубы Мәскеудің «Динамо» командасында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бақтияр Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты «Ордабасы» президенті Дархан Қызайбаев растады.

«Біз Зайнутдиновке шынымен қызығушылық танытып отырмыз. Ол жергілікті футболшы әрі ұлттық құраманың ойыншысы. Алайда қазіргі таңда ол бойынша нақты келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз.

Оның жарақат тарихын және қазір «Динамода» ойын тәжірибесінің аз екенін ескеріп отырмыз. Кандидатурасын маусым соңына қарай нақтырақ қарастырамыз. Желтоқсан-қаңтар айларында бірнеше футболшымен келісімшарт жасауды жоспарлап отырмыз. Солардың қатарында Зайнутдинов те бар», – деді Қызайбаев Sport24 тілшісіне.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или