41 жастағы Криштиану Роналду Португалия құрамасында Ұлттар лигасында ойнайды
Португалия ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы 2026/2027 жылғы маусымдағы Ұлттар лигасының топтық кезеңіне қатысатын құрамды анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шақырылған футболшылар тізіміне «Әл-Наср» клубының 41 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду да енді.
Осылайша, тәжірибелі шабуылшы халықаралық аренадағы өнерін жалғастырады. Ол Португалия құрамасының турнир аясындағы алдағы матчтарына қатыса алады.
Португалия құрамасының Ұлттар лигасының топтық кезеңіне қатысатын құрамы:
Қақпашылар: Диогу Кошта, Руй Силва, Самуэл Суареш.
Қорғаушылар: Жоау Канселу, Диогу Дало, Рубен Диаш, Томаш Араужу, Ренату Вейга, Гонсалу Инасиу, Нуну Мендеш, Нуну Тавареш.
Жартылай қорғаушылар: Жоау Пальинья, Рубен Невеш, Витинья, Жоау Невеш, Бернарду Силва, Бруну Фернандеш.
Шабуылшылар: Франсишку Консейсау, Франсишку Тринкау, Рафаэл Леау, Педру Нету, Жоау Феликс, Криштиану Роналду, Гонсалу Рамуш, Фабиу Силва.
Қыркүйек-қазан айларында Португалия құрамасы Уэльс және Норвегиямен (екі рет), сондай-ақ Даниямен кездеседі.