«Тоттенхэмнің» бұрынғы қызметкері Қазақстан чемпионатының финалын тамашалайды

«Тоттенхэмнің» бұрынғы қызметкері Қазақстан чемпионатының финалын тамашалайды

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Скотт Манн Петропавлға келіп, бүгін әйелдер лигасының финалдық кездесуін тамашалайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші матчта Шымкенттің БИІК командасы Түркістанның «Тұранымен» кездеседі. Финал 17 қыркүйек күні «Қарасай» стадионында өтеді. Ойын сағат 19:00-де басталады.

Финалда жеңіске жеткен команда 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанып, келесі маусымда ел намысын УЕФА Чемпиондар лигасында қорғау құқығына ие болады.

Скотт Манн үшін бұл ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалғаннан кейінгі Қазақстан бойынша кезекті жұмыс сапары. Федерацияның атқарушы комитеті оның кандидатурасын 27 сәуірде бекітсе, австралиялық маман қызметіне ресми түрде 13 шілдеде кірісті.

Манн Қазақстанға алғаш рет мамыр айында келген. Қызметіне кіріспес бұрын ол футбол департаменттерінің басшыларымен кездесіп, ұлттық құраманың бас бапкерімен тілдескен. Сондай-ақ стадиондар мен академияларды аралаған.

55 жастағы маманның халықаралық футболда тәжірибесі мол. Ол бұған дейін Англияның «Тоттенхэм» клубында басшылық қызмет атқарып, Азияда бірнеше жыл жұмыс істеген. Жаңа қызметіне дейін кәсіби спорт пен футбол жобаларын басқаруға қатысты құрылымдарда еңбек еткен.

Жартылай финалда БИИК «Жеңісті» 5:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Тұран» «Ақтөбеден» 1:0 есебімен басым түсті. Үшінші орын үшін өткен кездесуде «Ақтөбе» «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или