Ла Лига президенті «Алтын допқа» кім лайық екенін айтты

Ла Лига президенті «Алтын допқа» кім лайық екенін айтты

Ла Лига президенті Хавьер Тебас 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның пікірінше, беделді жеке жүлдеге «Барселона» жартылай қорғаушысы Родри лайық.

«Бұл сұрақты «Барселонадан» сұрау керек. Әркімнің өз пікірі бар. Менің таңдауым – Родри», – деді Тебас AS басылымына.

Сонымен қатар Тебас каталониялық клубтың тағы бір ойыншысы Ламин Ямальдің жуырдағы мәлімдемесіне де тоқталды. Бұған дейін 18 жастағы вингер жас кезінде жеткен жетістіктерін Лионель Месси, Криштиану Роналду және Диего Марадона секілді футбол аңыздарының нәтижелерімен салыстырған еді.

«Әркім өзіне дұрыс деп санағанын жасайды. Ламин өзінің қалай ойнағанын біледі. Ол өзін ең үздік ойыншымын деп айта алады. Бірақ менің ойымша, «Алтын допты» Родри алады», – деп қосты Тебас.

«Алтын доп» иегері 26 қазанда анықталады. Марапаттау рәсімі Лондонда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или