УЕФА алдағы еурокубоктардың финалдары өтетін стадиондарды бекітті

УЕФА алдағы еурокубоктардың финалдары өтетін стадиондарды бекітті

УЕФА 2027-2029 жылдар аралығында Еуропаның клубтық турнирлері мен Суперкубогының финалдарын қабылдайтын стадиондарды анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым бұл шешімді бекітіп, ресми баспасөз хабарламасында жариялады.

2028 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы Мюнхендегі «Альянц Аренада» өтеді. Ал келесі маусымдағы басты еурокубоктың шешуші матчын Барселонадағы «Камп Ноу» қабылдайды.

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 2028 жылғы финалы Лиондағы «Парк Олимпик Лионне» («Групама») стадионында өтеді. Бір жылдан кейін командалар жүлде үшін Кардиффтегі Уэльс ұлттық стадионында («Миллениум») таласады.

Еуропа лигасының шешуші матчтары өтетін орындар да анықталды. 2028 жылғы финал Бухарестегі Ұлттық аренада өтсе, 2029 жылғы финалда командалар Белградтағы Сербия ұлттық стадионында кездеседі.

2028 жылғы УЕФА Конференция лигасының финалы Туриндегі «Ювентус» стадионында өтеді. 2029 жылғы шешуші матчты Будапешттегі «Пушкаш Арена» қабылдайды.

УЕФА Суперкубогының иелері де белгілі болды. 2027 жылғы кездесу Амстердамдағы «Йохан Кройфф Аренада» өтеді. Ал бір жылдан кейін командалар трофей үшін Астанадағы «Астана Аренада» ойнайды.

Сонымен қатар УЕФА 2027 жылғы футзалдан Чемпиондар лигасының финалын өткізетін орынды анықтады. Турнирді Швейцария қабылдайды. Ал шешуші матч «Биль Арена» немесе «Бьенн Арена» стадиондарының бірінде өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или