ФИФА «Жетісуға» екі жылға трансферлік бан салуы мүмкін

ФИФА «Жетісуға» екі жылға трансферлік бан салуы мүмкін

Талдықорғандық «Жетісу» жақын арада қаржылық мәселелерін шешуі қажет. Әйтпесе клуб жаңа футболшыларды тіркеуге екі жылға дейін тыйым салынатын трансферлік банға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, қазіргі таңда команда 55 миллион теңге қарыз. Егер берешек белгіленген мерзімде өтелмесе, клубқа қосымша 5 мың еуро көлемінде айыппұл салынады. Ал келесі аптада қарыз сомасына тағы 10 мың еуро қосылуы мүмкін.

Айдың соңы шешуші кезең болмақ. Егер осы уақытқа дейін «Жетісу» бар қарызын өтемесе, клубқа қатаң санкциялар, соның ішінде екі жылға трансферлік бан қолданылуы мүмкін.

Айта кетейік, талдықорғандық командада мұндай мәселе бұған дейін де болған. Тамыз айының басында ФИФА «Жетісуға» қатысты қолданыста болған шектеулерді уақытша алып тастаған еді.

Қазақстан чемпионатының 2026 жылғы маусымында клуб 24 матчтан кейін 22 ұпай жинап, Премьер-лига кестесінде 14-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или