«Барыс» «Салават Юлаевты» матчта жеңді
Құрлықтық хоккей лигасында бес матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» голға толы кездесуде Шығыс конференциясының көшбасшысы Уфаның «Салават Юлаев» командасын жеңді. Астана клубының алты голын легионерлер соқты. Тайс Томпсон дубль жасаса, Чейз Приски, Мэйсон Морелли, Джастин Бэйли және Логан Дэй бір-бірден мергендік танытты. Астаналық команданың жас ойыншылары Ансар Шайхмедденов пен Кирилл Ляпунов та гол соғып, жеңіске үлес қосты.
«Барыс» – «Салават Юлаев» – 8:6 (4:1, 2:2, 2:3)
1:0 – 03:33, Томпсон (Омирбеков, Масси)
1:1 – 09:31, Жаровский (Родуолд, Броссо)
2:1 – 14:16, Приски (Томпсон, Морелли), СҚ
3:1 – 16:36, Морелли (Пилон, Бэйли)
4:1 – 19:59, Бэйли (Приски, Пилон), СҚ
4:2 – 28:12, Броссо (Панин, Щербаков)
4:3 – 29:10, Ремпал (Алексеев, Шипачёв), СҚ
5:3 – 31:45, Томпсон (Бэйли), СҚ
6:3 – 32:03, Дэй (Масси, Логвин)
7:3 – 41:55, Шайхмедденов (Маккошен)
7:4 – 44:46, Родуолд (Ремпал, Шипачёв), СҚ
7:5 – 48:15, Алалыкин (Сучков)
8:5 – 51:35, Ляпунов (Бекетаев)
8:6 – 55:38, Алалыкин (Сучков, Стюарт)