Мбаппе Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Мбаппе Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында «Рома» мен мадридтік «Реал» кездесті. Тартысты матч 4:3 есебімен испаниялық клубтың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реалдың» негізгі құрамында алаңға шыққан Килиан Мбаппе үшін бұл Чемпиондар лигасындағы 100-ші матч болды.

Турнирдің баспасөз қызметінің мәліметінше, француз шабуылшысы 27 жас 298 күнінде Чемпиондар лигасында 100 матч өткізген ең жас футболшы атанды.

Бұған дейінгі рекорд аргентиналық Лионель Мессиге тиесілі еді. Ол бұл межеге 28 жас 84 күнінде жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама