Харри Кейн Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері тізімінде оныншы орынға көтерілді
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда Мюнхеннің «Бавария» клубы сырт алаңда «Викингпен» 3:3 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің басты қаһармандарының бірі Харри Кейн болды. Ағылшын шабуылшысы матчта екі гол соғып, Чемпиондар лигасындағы голдар санын 57-ге жеткізді. Осылайша, ол турнир тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде оныншы орынға көтерілді.
Бұл көрсеткіш бойынша Харри Кейн бұрынғы командаласы Томас Мюллермен теңесті. Оның да Чемпиондар лигасындағы еншісінде 57 гол бар.
Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер:
- Криштиану Роналду – 141 гол;
- Лионель Месси – 129 гол;
- Роберт Левандовски – 109 гол;
- Карим Бензема – 90 гол;
5–6. Рауль – 71 гол; 5–6. Килиан Мбаппе – 71 гол;
- Рууд ван Нистелрой – 60 гол;
8–9. Эрлинг Холанд – 59 гол; 8–9. Андрей Шевченко – 59 гол; 10–11. Харри Кейн – 57 гол; 10–11. Томас Мюллер – 57 гол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или