«Бавария» Кейнмен келісімшартты ұзартуға жақын
Мюнхендік «Бавария» президенті Герберт Хайнер команда шабуылшысы Харри Кейнмен келісімшартты ұзарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін БАҚ-та ағылшын футболшысы жаңа келісімшарттың шарттары бойынша клубпен келісімге келгені туралы ақпарат тараған еді.
«Харри Кейнмен жаңа келісімшарт жасасу мәселесіне өте оптимистік көзқараспен қараймын. Келіссөздер өте жақсы өтіп жатыр. Харри мен оның отбасы Мюнхенде өздерін жайлы сезінеді. Барлығы жақын арада шешіледі деп үміттенемін», – деді Хайнердің сөзін Bild басылымы келтірген.
Болжам бойынша, жаңа келісімшарт 2029 жылға дейін күшінде болады. Ал 33 жастағы футболшының қазіргі келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Осы маусымда Кейн жоғары нәтижелілігін жалғастырып келеді. Ол барлық турнирде сегіз матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.