Коул Палмер «Челсимен» келісімшартын 2034 жылға дейін ұзартты

Коул Палмер «Челсимен» келісімшартын 2034 жылға дейін ұзартты

Лондондық «Челси» жартылай қорғаушы Коул Палмермен келісімшартты 2034 жылдың жазына дейін ұзартуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы ағылшын футболшысымен жасалған бұрынғы келісім 2033 жылға дейін жарамды болған. Бұл туралы The Athletic басылымының журналисі Дэвид Орнштейн мәлімдеді.

Дереккөздің хабарлауынша, жаңа келісімшартта футболшының қаржылық шарттары жақсартылған.

Осылайша, лондондық клуб басшылығы команданың негізгі ойыншыларын ұзақ мерзімге сақтап қалу жұмысын жалғастырып жатыр.

Палмер 2023 жылдың қыркүйегінен бері «Челсидің» намысын қорғап келеді. Осы уақыт аралығында жартылай қорғаушы барлық турнирде 138 матч өткізіп, 58 гол соғып, 34 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, ағылшын футболшысының қазіргі трансферлік құны 110 миллион еуроға бағаланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или