Венгрия клубы 11 иттің атын ойыншылар тізіміне қосты
Венгриялық «Залаэгерсег» клубы үйсіз жануарлар мәселесіне назар аударудың ерекше тәсілін тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ньиредьхазаға» қарсы матч алдында клуб ойыншылар тізімін жариялады. Алайда футболшылардың орнына жаңа үйге мұқтаж 11 иттің есімі көрсетілді.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл акция қаңғыбас иттердің тағдырына қоғам назарын аударып, панажайдағы жануарларға жаңа иелер табуға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған.
Осылайша, венгриялық клуб футболды әлеуметтік науқанға пайдаланып, төрт аяқты достардың қамқор отбасын табуына үлес қосуды көздеді.
«Залаэгерсег» пен «Ньиредьхаза» арасындағы кездесу 11 қазан, жексенбі күні Венгрия чемпионатының тоғызыншы туры аясында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или