Африканың 54 футбол қауымдастығы Инфантиноны қолдады

Африканың 54 футбол қауымдастығы Инфантиноны қолдады

Африка футбол конфедерациясының (CAF) президенті Патрис Мотсепе ұйымға мүше 54 ұлттық қауымдастықтың барлығы Джанни Инфантиноның кандидатурасын бірауыздан қолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Африкалық қауымдастықтар алдағы сайлауда Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) қазіргі президенті Джанни Инфантиноны қолдамақ.

Бұл туралы 8 қазанда Кабо-Вердеде өткен CAF стратегиялық конференциясының екінші күні белгілі болды. Жиынға Инфантиноның өзі де қатысты.

Мотсепе африкалық футбол қауымдастықтарының мұндай шешім қабылдауын ФИФА басшысының құрлықтағы футболдың дамуына қосқан үлесімен түсіндірді. Оның айтуынша, CAF-тың барлық өкілі Инфантиноның кандидатурасын қолдаған.

Бұған дейін Инфантино әлем чемпионатына қатысты коммерциялық құқықтардың бір бөлігін жеке инвесторларға сату мүмкіндігін қарастыруды ұсынған еді. Бұл бастама кеңінен сынға ұшырағаннан кейін ФИФА президенті ұсынысынан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или