Уилшир «Арсеналдағы» ең көп шағымданған ойыншыны атады

Уилшир «Арсеналдағы» ең көп шағымданған ойыншыны атады

Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі таңда «Лутон Таун» клубының бас бапкері Джек Уилшир ойыншылық мансабында ең көп наразылық білдірген футболшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшын маманы бұрынғы командаластарының арасынан ең көп «шағымданған» ойыншы ретінде Алексис Санчесті атады. Уилширдің айтуынша, бұл атаққа чилилік шабуылшы өзгелерден гөрі көбірек лайық.

– Өзіңмен бірге ойнаған ең көп шағымданатын ойыншы кім?

– Алексис Санчес. Ол «Арсеналдан» ешқашан кетпеуі керек еді, – деді Уилшир The Touchline-ға.

Санчес «Арсенал» сапында 2014-2018 жылдар аралығында төрт маусым өнер көрсетті. Кейін шабуылшы мансабын  «Манчестер Юнайтедте» жалғастырды.

Лондондық клубтағы кезеңі Санчес үшін жүлде жағынан да табысты болды. Чилилік футболшы «канонирлермен» бірге екі рет Англия кубогын, сондай-ақ үш рет ел Суперкубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или