«Елімай» футболшысы «Жеңіске» ауысуы мүмкін
Семейлік «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Ақмаль Бахтияров елордалық «Жеңіс» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Бахтияров – алматылық «Қайрат» академиясының түлегі. Бұған дейін ол Ереванның «Арцах», Ресейдің «Сочи», «Олимп-Долгопрудный», «Челябинск» және «Волгарь» клубтарында өнер көрсеткен.
Қазақстанда футболшы «Ордабасы», «Жетісу» және «Елімай» командаларының намысын қорғады.
Қазақстан Премьер-лигасында қанаттағы жартылай қорғаушы жалпы 56 матч өткізіп, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или