«Жетісу» футбол клубы жеке инвестордың қолына өтпек
Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубы жеке инвестордың меншігіне өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
AmanVIBE мәліметінше, Жетісу облысының әкімдігі жергілікті футбол клубын жеке инвесторға беруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін клубтың ықтимал жаңа иесі ретінде сингапурлық International Cement Investment Company компаниясы қарастырылған. Алдын ала келіссөздер нәтижесінде аталған компанияның Қазақстандағы еншілес кәсіпорны – «ALACEM» ЖШС-мен келісім жасау туралы шешім қабылданған.
Жақын арада тараптар арасында меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Келісім аясында «Жетісудың» ерлер командасы толықтай «ALACEM» ЖШС қарамағына өтеді.
Ал әйелдер командасы мен балалар-жасөспірімдер академиясын қаржыландыру міндеті облыс әкімдігінде қалады.
Айта кетейік, өткен маусымда «Жетісу» Қазақстан Премьер-лигасында 15-орын алып, ел чемпионатының жоғары дивизионынан шығып қалған болатын.