Англия Испанияның 45 матчқа созылған жеңіліссіз сериясын тоқтатты

Англия Испанияның 45 матчқа созылған жеңіліссіз сериясын тоқтатты

Англия құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Испанияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридте өткен кездесу Томас Тухель шәкірттерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Англия құрамасы сапында Гарри Кейн, Эзри Конса және Бен Уайт гол соқты. Ал Испания құрамасынан Микель Оярсабаль мен Нико Уильямс мергендік танытты.

Осылайша, Испания құрамасының ресми матчтардағы 45 ойынға созылған жеңіліссіз сериясы үзілді. Бұл ұлттық құрамалар арасындағы рекордтық көрсеткіш еді. Испания соңғы рет ресми кездесуде 2023 жылдың көктемінде жеңілген болатын.

Екі құрама да үшінші топта 15 ұпайдан жинады. Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша Англия бірінші орын алып, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне топ жеңімпазы ретінде шықты. Испания екінші орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама