Андрей Демченко «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметіне қайта оралды

Андрей Демченко «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметіне қайта оралды

Украиналық маман Андрей Демченко елордалық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері болып қайта тағайындалды. Клуб 50 жастағы жаттықтырушымен келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Демченко бұған дейін де астаналық команданы жаттықтырған. Ол 2025 жылдың жазында «Жеңістің» тізгінін ұстап, командасымен 17 матч өткізді. Оның сегізінде жеңіске жетіп, алты кездесуде тең ойнады және үш рет жеңіліс тапты. Желтоқсан айының басында маман клубтан кеткен болатын.

Украиналық жаттықтырушының соңғы жұмыс орны Әзербайжанның «Араз-Нахчыван» клубы болды. Оның жетекшілігімен команда 17 кездесу өткізіп, алты жеңіске жетті, екі рет тең ойнап, тоғыз матчта жеңілді.

Демченконың оралуына қарамастан, «Жеңістің» жаттықтырушылар штабында өзгеріс болмайды. Антон Чичулин мен Олег Воскобойников клубтағы қызметтерін жалғастырады.

Украиналық маман елордалық командаға қайта оралғанына қуанышты екенін айтып, алдағы маусымға үлкен мақсаттар қойылғанын жеткізді.

«Жеңіске» қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Осы маусымда алдымызға үлкен мақсаттар қойылып отыр. Бірге жұмыс істеп, биік белестерді бағындырамыз деп сенемін», – деді Демченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама