Флик «Атлетиконы» жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады
«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Испания чемпионатының 12-турында «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңгеннен кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Неміс маманы командасының ойынына көңілі толатынын айтып, жеңіске лайық болғандарын атап өтті.
«Бірінші тайм аяқталғанша есепті теңестіру маңызды болды. Қарсыласқа қысым жасап, допты бақылауда ұстау оңайға соққан жоқ. Екінші таймды жақсы өткіздік. Мен қуаныштымын, біз бұл жеңіске лайық болдық. Қоржынымызға тағы үш ұпай түсті.
Біздің осындай матчтарда жеңіске жететін деңгейіміз бар. Мен командама сенемін. Бұл жерде жеңіске жету оңай емес. Маусым – ұзақ жол. Біз күн сайын жүлделер жеңіп, табысқа жету үшін еңбек етіп жатырмыз», – деді Флик.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или