«Манчестер Юнайтед» сегіз матчтан бері жеңіске жетпесе де, бас бапкерін қызметінен босатпайды
«Манчестер Юнайтед» басшылығы Англия Премьер-лигасындағы сәтсіз нәтижелерге қарамастан, бас бапкер Майкл Кэррикке сенім артып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, манкуниандық клубтың басшылығы әзірге жаттықтырушыны қызметінен босатуды жоспарлап отырған жоқ. Сондай-ақ оның орнына келуі мүмкін мамандармен келіссөз жүргізілмеген.
Англия чемпионатының 10-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Астон Вилламен» 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша «қызыл сойқандардың» АПЛ-дағы жеңіссіз сериясы сегіз матчқа жетті.
Бұған дейін Кэрриктің орнына үміткерлердің бірі ретінде «Астон Вилланың» бас бапкері Унаи Эмери аталған еді. Алайда Бирмингем клубы испаниялық маманмен қоштасқысы келмейді және оған келісімшартты ұзартуды ұсынған.
Айта кетейік, «Астон Виллаға» қарсы кездесуде «Манчестер Юнайтед» жағымсыз рекорд орнатты. Команда матчтың алғашқы төрт минутында екі гол жіберіп алды. Бұған дейін манкуниандықтар АПЛ тарихында кездесудің бастапқы төрт минутында екі рет гол жібермеген еді.
Сәтсіз нәтижелерге қарамастан, Майкл Кэрриктің өзі қызметінен кетуге ниетті емес. Матчтан кейін маман өз еркімен отставкаға кету мүмкіндігін қарастырмайтынын жеткізді.