Харри Кейн «Бавариямен» келісімшартын ұзартты
Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн Германия клубында өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ағылшындық шабуылшымен жаңа келісімшартқа қол қойылғанын клубтың баспасөз қызметі ресми түрде жариялады.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, тараптар арасындағы ынтымақтастық 2029 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды.
«2023 жылдың жазында мюнхендік клубқа ауысқаннан бері Англия құрамасының капитаны екі рет Бундеслига чемпионы атанды, Германия кубогын жеңіп алды, сондай-ақ Франц Беккенбауэр атындағы Суперкубокты екі мәрте иеленді. Қазіргі уақытта шабуылшының еншісінде 161 ресми матчта соғылған 156 гол бар. Ол Германия чемпионатында және Еуропа аренасында бірқатар рекорд орнатты. Ал өткен аптада әлемнің үздік футболшысы атанды», – деп жазылған клуб хабарламасында.