Кейн Чемпиондар лигасында Криштиану Роналдудың рекордын қайталауға жақын
Мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Гарри Кейн Чемпиондар лигасының тарихи рекордын қайталауға бір қадам қалды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
Англия құрамасының шабуылшысы Чемпиондар лигасында қатарынан он матчта гол соқты. Оның нәтижелі сериясы 2026 жылдың қаңтарынан бері жалғасып келеді. Абсолютті рекордты қайталау үшін Кейн тағы бір матчта гол соғуы керек.
Бұл жетістік әзірге Криштиану Роналдуға тиесілі. Португалиялық футболшы 2017–2018 жылдары мадридтік «Реал» сапында Чемпиондар лигасының қатарынан 11 кездесуінде гол соққан. Ал Руд ван Нистелрой мен Роберт Левандовски бұл турнирде қатарынан тоғыз матчта көзге түскен.
Гарри Кейн тарихи рекордты қайталауға 3 қараша күні мүмкіндік алады. Бұл күні «Бавария» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында мадридтік «Атлетикомен» кездеседі. Егер ағылшын шабуылшысы қарсылас қақпасына гол соқса, Роналдудың жетістігін қайталайды.