Пике «Тенерифе» футболшысының қазасына байланысты көңіл айтты

Пике «Тенерифе» футболшысының қазасына байланысты көңіл айтты

«Барселона» мен Испания құрамасының бұрынғы футболшысы, қазіргі таңда «Андорра» клубының иесі Жерар Пике «Тенерифе» шабуылшысы Хесус де Мигельдің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

«Шын жүректен қайғырып отырмын. Жаның жәннатта болсын, Хесус», – деп жазды Пике әлеуметтік желіде «Тенерифенің» футболшының қазасы туралы жарияланымының астына.

Қайғылы оқиға 2 қарашада Испанияның Сегунда чемпионаты аясында өткен командалар арасындағы матч кезінде болған. Ойын эпизодтарының бірінде «Тенерифе» шабуылшысы қонақтар қақпашысы Хесус Овономен соқтығысқан. Қақпашының тізесі футболшының кеудесіне тиген. Соққыдан кейін 30 жастағы шабуылшы есінен танып қалған.

Медициналық мекемеге бара жатқан жолда футболшының жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер жүрек жұмысын қалпына келтіргенімен, де Мигельдің жағдайы өте ауыр болған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

Медицина қызметкерлерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, испаниялық футболшыны аман алып қалу мүмкін болмады. 3 қараша күні таңертең «Тенерифе» клубы ойыншысының қайтыс болғанын ресми түрде жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама