Қазақстандық төрешілер УЕФА Жастар лигасының матчтарына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Жастар лигасының матчтарына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер мен футбол мамандары УЕФА Жастар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы матчтарға жаңа тағайындаулар алды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстанның үш өкілі Израильдің «Маккаби» (Тель-Авив) және Швейцарияның «Цюрих» командалары арасындағы кездесудің төрешілер бригадасына енді. Матч 3 қарашада Венгрияның Дьёр қаласында өтеді.

Кездесудің бас төрешісі болып Булат Сариев тағайындалды. Оған Юрий Тихонюк пен Дмитрий Белоградов көмектеседі. Қосалқы төреші міндетін венгриялық Бенце Ханьец атқарады.

Тағы бір қазақстандық төреші Кирилл Ткачев Алматының «Қайраты» мен венгриялық МТК арасындағы матчқа қосалқы төреші болып бекітілді. Кездесу 4 қарашада Алматыда өтеді. Негізгі төрешілер бригадасы Әзербайжан өкілдерінен жасақталады. Атап айтқанда, бас төреші – Турал Курбанов, оның көмекшілері – Джамиль Гулиев пен Муслум Алиев.

Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру Чехияның «Градец-Кралове» мен Албанияның «Партизани» командалары арасындағы кездесуде УЕФА төрешілер инспекторы қызметін атқарады. Бұл матч та 4 қарашада Чехияда өтеді.

Айта кетейік, халықаралық тағайындаулар қазақстандық мамандарға еуропалық жарыстарда тәжірибе жинақтап, УЕФА турнирлеріндегі өкілдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама