Луиш Мата «Қайрат» сапындағы 50-матчын өткізді

Луиш Мата «Қайрат» сапындағы 50-матчын өткізді

Португалиялық қорғаушы Луиш Мата Қазақстан Премьер-лигасында «Қайрат» сапындағы 50-матчын өткізді. Мерейтойлық кездесу «Ақтөбеге» қарсы өтіп, 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы футболшы португалиялық «Порту» клубының түлегі. Оның ҚПЛ-дегі дебюті 2025 жылдың 1 наурызында «Астанаға» қарсы сырт алаңдағы матчта өтті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. Сол ойында Мата негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут бойы өнер көрсетті.

Бүгінге дейін португалиялық қорғаушы Қазақстан чемпионатында алматылық команда сапында 50 матч өткізіп, үш гол соқты.

ҚПЛ-де ең көп матч өткізген «Қайраттың» қазіргі ойыншылары:

1. Дамир Қасабулат — 94 матч;

2. Әділет Садыбеков — 73 матч;

3. Александр Мартынович — 58 матч;

4. Лев Кургин — 55 матч;

5. Александр Мрынский — 54 матч;

6. Луиш Мата — 50 матч;

7. Жоржиньо — 45 матч.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама