Ямаль «Алтын доп» рәсіміне жеке ұшақпен бармақ

Ямаль «Алтын доп» рәсіміне жеке ұшақпен бармақ

«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль «Алтын доп» марапаттау рәсіміне қатысу үшін Лондонға жеке ұшақпен баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

COPE мәліметінше, футболшы отбасы мүшелері мен жақындарын бірге алып бару үшін жеке ұшақ жалдаған.

Марапаттау рәсімі 29 қазан, дүйсенбі күні өтеді.

Айта кетейік, Ямаль бұған дейін де беделді жеке марапатты табыстау рәсіміне осындай дайындық жасаған. Сол кезде испаниялық футболшы Парижде жақындарына арнап арнайы шара ұйымдастырып, жеңіске жеткен жағдайда бірге тойлауды жоспарлаған еді. Алайда «Алтын допты» «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Усман Дембеле иеленіп, Ямаль дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама