Ханс-Дитер Флик «Барселона» тарихындағы ерекше нәтижеге қол жеткізді
«Барселона» клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик тарихи көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Squawka статистикалық порталының мәліметінше, неміс маманы жеңіске жеткен матчтарының үлесі бойынша каталондық клубтың бапкерлері арасында көш бастап тұр. Рейтингке команданы кемінде 10 кездесуде жаттықтырған мамандар енгізілген.
13 қазанда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында «Барселона» «Галатасарайды» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл жеңіс Флик үшін каталондық клуб тізгініндегі 127 матчтағы 98-жеңісі болды. Осылайша, неміс бапкерінің жеңіс көрсеткіші 77,17 пайызға жетті.
Жеңіс көрсеткіші бойынша Флик бірқатар танымал бапкерлерден озып шықты. Екінші орында 76,24 пайыздық нәтижемен Луис Энрике тұр. Үшінші сатыға 75 пайыздық көрсеткішке ие Тито Виланова жайғасқан.
Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Хосеп Гвардиола (72,47 пайыз) мен Эленио Эррера (70,63 пайыз) енді.