«Вильярреал» қақпашысы қарулы қарақшылық салдарынан «Наполиге» қарсы матчқа қатыспады
«Вильярреал» қақпашысы Петер Гулачи Чемпиондар лигасы аясында «Наполиге» қарсы өткен кездесуге қатыса алмады. Испаниялық клуб бұл ойында 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Marca басылымының мәліметінше, венгриялық қақпашының матчқа қатыспауына оның үйіне жасалған қарулы қарақшылық себеп болған.
Оқиға 12 қазаннан 13 қазанға қараған түні болған. Дереккөздің хабарлауынша, қаскөйлер 36 жастағы футболшының үйіне ол отбасы мүшелерімен бірге болған кезде басып кірген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Италиялық командаға қарсы кездесуде «Вильярреал» қақпасын бразилиялық қақпашы Луис Жуниор қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или