Мбаппе «Барселонамен» жеңістен кейін командаға үндеу жасады
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатының 10-туры аясында «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңген матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Франциялық футболшы кездесудің басты кейіпкеріне айналып, каталондықтардың қақпасына екі гол соқты.
«Бес матчтан тұратын жеңісті серияның әзірге ешқандай мәні жоқ. Бұл – «Реал». Біз алға қарай жылжуымыз керек. Әр матчта жеңіске жеткіміз келеді. Бүгін жақсы белгі көрсеттік, бірақ маусым аяқталғандай ойлауға болмайды. Келесі аптада Сантандерде «Расингке» қарсы дәл осындай қарқынмен ойнауымыз керек.
Шынымды айтсам, бүгінгі басты қаһарман – ұжым, яғни бүкіл команда. Біз нағыз команда ретінде, жігіттерше ойнауымыз керектігін түсіндік. Соңғы матчтарға жақсы дайындалып, жеңіске жетіп жүрміз. Лайықты ойын көрсетіп, дұрыс көңіл күймен алаңға шықтық. Бүгін бар күшімізді салдық.
Ойын барысында қиын сәттер болды. Кейбір кезеңдерде бастаманы өз қолымызда ұстадық. Нәтижесінде жеңіске жетіп, Ла Лигадағы орнымызды сақтап қалдық. Бұл біз үшін өте маңызды. Иә, тамаша матч өткіздік, бірақ турнирлік кестедегі бұл жеңіс бізге бар болғаны үш ұпай береді. Ал чемпион атану үшін көп ұпай жинауымыз керек.
Титулдар туралы айтатын болсақ, биыл қандай да бір жетістікке жеткізіміз келсе, мұны бүкіл команда болып атқаруымыз қажет. Біртұтас ұжым ретінде әрекет етуіміз керек. Қалаған мақсатымызға тек осылай ғана жете аламыз», – деді Мбаппе клубтың телеарнасына берген сұхбатында.