Футболшының қазасына байланысты Испания кубогының екі матчы кейінге шегерілді

Футболшының қазасына байланысты Испания кубогының екі матчы кейінге шегерілді

Испания корольдік футбол федерациясы (RFEF) 3 қарашаға жоспарланған ұлттық кубоктың екі кездесуін кейінге шегерді. Бұған «Тенерифе» шабуылшысы Хесус де Мигельдің қайтыс болуы себеп болды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Ұйымның баспасөз қызметі алдағы күндері кейінге шегерілген ойындардың жаңа кестесі мен басталу уақытын жариялайтынын мәлімдеді.

30 жастағы испаниялық футболшы ауыр жарақатты 2 қарашада Сегунда аясында «Андорраға» қарсы өткен үй матчында алған. Кездесу 2:2 есебімен аяқталған. Ойынның 97-минутында қонақтар қақпашысы Хесус Овоно қауіпті шабуылды тоқтатуға тырысып, де Мигельмен соқтығысқан. Осыдан кейін шабуылшы есінен танып қалған.

Футболшыға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жеткізу кезінде оның жүрегі мен тынысы тоқтап қалған. Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, ойыншыны аман алып қалу мүмкін болмады. Оның қайтыс болғаны 3 қараша күні таңертең белгілі болды.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты 3 қарашаға жоспарланған «Анаитасуна» – «Алавес» және «Памплона» – «Эйбар» кездесулері өтпейді. Матчтардың жаңа күні кейінірек жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама