Нұралы Әліп екінші рет әке атанды

Нұралы Әліп екінші рет әке атанды

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің отбасында қуанышты жағдай болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік клубтың баспасөз қызметі қазақстандық футболшының екінші рет әке атанғанын ресми түрде мәлімдеді.

5 қараша күні Әліптің жұбайы Әйгерім қыз баланы дүниеге әкелді. Ата-анасы сәбиге Айсана деген есім берді.

Айта кетейік, Нұралы Әліп 2023 жылдан бері «Зенит» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық қорғаушы төрт рет Ресей чемпионы атанып, төрт мәрте ел Суперкубогын және бір рет Ресей кубогын жеңіп алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама