«Тоттенхэмнің» бұрынғы футболшысы «Арсеналдың» жейдесін өртеп жіберді
Лондондық «Тоттенхэмнің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Деле Алли тікелей эфир кезінде «Арсеналдың» жейдесін өртеп жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін 30 жастағы ағылшын футболшысы танымал стример IShowSpeed-пен EA FC 27 ойынында кездесіп, қатарынан екі рет жеңілген. Бәстің шарты бойынша Алли бұрынғы клубының басты қарсыласы саналатын «Арсеналдың» жейдесін киюге мәжбүр болған.
Алайда футболшы кейін сол жейдені өртеп, видеосын әлеуметтік желіде жариялады.
«Бәс деген бәс, бірақ мұның да салдары болады», – деп жазды Алли.
Айта кетейік, Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы 2025 жылдың қыркүйегінде италиялық «Комо» клубымен келісімшартын бұзғаннан бері командасыз жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или