Қазақстан – Словакия матчының төрешілері белгілі болды

Қазақстан – Словакия матчының төрешілері белгілі болды

УЕФА Ұлттар лигасының алтыншы турында өтетін Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы матчқа төрешілер бригадасын тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің бас төрешісі болып әзірбайжандық Әлияр Ағаев тағайындалды. Оған қапталда отандастары Зейнал Зейналов пен Акиф Амирали көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Ингилаб Мамедов атқарады.

VAR жүйесіне австриялық Алан Кияс жауап береді. Оның көмекшісі – Ниджат Исмаилли.

Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия арасындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матч 16 қарашада Астанада өтеді.

Бұл кездесудің алдында Словакия құрамасы 11 ұпай жинап, С дивизионының үшінші тобында мерзімінен бұрын бірінші орынды қамтамасыз етті. Ал бес турда небәрі екі ұпай еншілеген Қазақстан құрамасы топтың соңғы сатысында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама