«Реал» Тибо Куртуамен келісімшартты ұзартты
Мадридтік «Реал» бельгиялық қақпашы Тибо Куртуамен келісімшартты 2028 жылдың жазына дейін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испаниялық клуб 33 жастағы футболшымен жаңа келісімге қол қойылғанын ресми түрде растады.
Бұған дейін Куртуаның келісімшарты 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жарамды болатын. Енді тараптар ынтымақтастықты тағы бір жылға ұзартты.
Биылғы маусымда бельгиялық қақпашы барлық турнирде 15 матч өткізіп, оның төртеуінде қақпасына гол жібермеген.
Transfermarkt порталы Куртуаның трансферлік құнын 15 миллион еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, «Реал» Испания чемпионатында екінші орында келеді. Мадридтік клуб көш бастап тұрған «Барселонадан» үш ұпайға қалып тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или