«Реал» Вальвердемен келісімшартты 2031 жылға дейін ұзартпақ
Мадридтік «Реал» уругвайлық жартылай қорғаушы Федерико Вальвердемен келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тараптар футболшының клубта 2031 жылға дейін қалуын көздейтін жаңа ұзақмерзімді келісімшарттың талаптарын мақұлдаған.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, жаңа келісім аясында 28 жастағы футболшының жалақысы өседі. Құжаттың барлық негізгі талаптары келісілген, ал ресми хабарлама жақын арада жарияланады деп күтілуде.
Айта кетейік, Федерико Вальверде 2016 жылдан бері «Реал» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде уругвайлық футболшы мадридтік клуб құрамында 370-тен астам матч өткізіп, 14 командалық трофей жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или