Франция құрамасының бұрынғы футболшысы 40 жасында мансабын қайта жалғастырады
Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Бенуа Тремулинас 40 жасында кәсіби футболға қайта оралуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2019 жылы мансабын аяқтаған футболшы жеті жылдан кейін туған клубы «Бордоға» қайта қосылды. Қазір бұл команда Франция чемпионатының алтыншы дивизионында өнер көрсетеді.
Клубтың баспасөз қызметі тәжірибелі қорғаушының командамен жаттығуға кіріскенін растады.
«Бенуа Тремулинас бүгін таңертең негізгі құраммен бірге жаттығуын қайта бастады. Сенің оралғаныңа өте қуаныштымыз! Алдағы қиын, бірақ тамаша жолда саған қолдау көрсетеміз. Рақмет!» – делінген «Бордоның» ресми мәлімдемесінде.
Тремулинас кәсіби мансабында «Бордо», Киевтің «Динамосы», «Сент-Этьен» және Испанияның «Севилья» клубтарында ойнаған.
Сондай-ақ қорғаушы Франция ұлттық құрамасының сапында бес матч өткізген.