Ферлан Менди бес айдан кейін жаттығуға қайта кірісті

Ферлан Менди бес айдан кейін жаттығуға қайта кірісті

Мадридтік «Реалдың» француз қорғаушысы Ферлан Менди ұзақ уақыт емделгеннен кейін футбол алаңындағы жаттығуларға қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы испаниялық Marca газеті жазды.

31 жастағы футболшының оңалту кезеңі шамамен бес айға созылды. Менди соңғы рет 3 мамырда Испания чемпионаты аясында «Эспаньолға» қарсы матчта алаңға шығып, оң жамбасындағы сіңірін жарақаттап алған. Жарақаттан бір апта өткен соң футболшыға ота жасалды.

Жаттығуға қайта оралғанына қарамастан, француз қорғаушысы әзірге ресми матчтарға қатысуға дайын емес. «Реалдың» өтініміне қайта ену үшін ол оңтайлы физикалық бабына келіп, клубтың медициналық штабының рұқсатын алуы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или